Шардара ауданындағы индустриалды аймақта жүгеріні терең өңдейтін кешен салу жобасы жүзеге асырылуда. Оны «ҚазКрахмал» ЖШС салуда. Жоба екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңді жүзеге асыру 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Оған жүгеріні қабылдау, кептіру және сақтау кешендерін салу кіреді. Екінші кезеңде (2024-2025 жж.) жүгеріні терең өңдейтін зауыт салу жоспарлануда. Нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі.
Зауыт жылына 150 мың тонна жүгері қабылдап, өңдеуді жоспарлап отыр. Мұнда жүгері дәнінен 26 өнім өндіріледі деп күтілуде.
Айта кетейік, 2023 жылы Шардара мен көршілес аудандардан 3 мың тоннаға жуық жүгері ғана қабылданған. Бұл зауытты толық іске қосу үшін шикізат базасының жеткіліксіздігін көрсетеді. Алдағы уақытта Шардара, Жетісай, Мақтаарал өңірлерінде жүгері алқаптарын ұлғайту жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
